НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Павлодарда жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы қала көшелерінде еш жерде тіркелмеген "Infiniti" автокөлігінің жүргенін анықтады, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, инспектор көлік туралы барлық ақпаратты дереу жақын маңдағы полиция патруліне жолдап, тәртіп сақшылары жүргізушіні тоқтатқан.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, инспектор көлік туралы барлық ақпаратты дереу жақын маңдағы полиция патруліне жолдап, тәртіп сақшылары жүргізушіні тоқтатқан.
"36 жастағы қала тұрғыны полицейлерден көлігі тіркеу есебінен шығарылғанын, ал мемлекеттік нөмірдің жалған екенін білген кезде шошып кетті. Кейін көлік иесі оның әйелі екені анықталды. Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты ажырасу үстінде және күйеуіне ашуланған әйел оған ештеңе айтпастан көлікті есептен шығарған", - дейді департамент мамандары.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.