Өңірлер

Павлодар облысында шаруа қожалығы "PepsiCo"-мен келісімшарт жасасты

Ферма Lay's чипстеріне картоп жеткізеді
Sputnik
ПАВЛОДАР, 24 мамыр - Sputnik. Павлодар облысының "Асхат" шаруа қожалығы әлемдегі ең ірі азық-түлік пен сусын өндірушісі PepsiCo компаниясымен келісімшарт жасасты, Қожалық чипс өндіру үшін картоп жеткізеді, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл үшін картоптың 30%-і экспортталады. Ал негізгі бөлігі ішкі сұранысты қамтиды. Сондай-ақ, шаруашылық 10 мың тонна өнімге арналған көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отыр.
Павлодар ауданы Мичурино ауылындағы "Асхат" шаруа қожалығының басшысы Қадырбек Нұрпейісов бұл мақсатқа жаңбырлатқыш машина сатып алынғанын айтты. Оның ұзындығы ұзындығы бір шақырымнан астам. Гектарына 50 центнерге жуық көкөніс жинау ойда бар.
Биыл Павлодар ауданындағы егіс көлемі былтырғымен салыстырғанда 30%-ке артық. Аудан суармалы жер көлемі бойынша көшбасшы болып табылады.
Павлодар облысы - қазіргі заманғы көкөніс сақтау қоймаларының саны бойынша ең озық өңір. Олардың жалпы сыйымдылығы шамамен 450 мың тонна, жыл сайын артып келеді.
Өңірлер
"5 келі картоп қуырамыз": Он баласы бар шымкенттік отбасының тұрмыс-тіршілігі