Экономика

Доллар күрт арзандап кетті

Ұлттық валюта – теңге нығайып келеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы күндізгі саудада доллардың орташа бағамы 416,91 теңге болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шетелдік валюта 7,5 теңгеге арзандады.
Кеше, 23 мамырда доллардың орташа бағамы 424,84 теңгені құраған еді.
Айырбастау пунктерінде долларды 417-418 теңгеге сатып алып, 422-424 теңгеден сатып жатыр.
Ал рубльдің орташа бағамы 7,25 теңге болды.