НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Отставкадағы полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады күдікке ілінді.
"23 мамырда 1963 жылы туған полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлы ұсталды, ол 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының ішкі істер департаменттерін басқарған", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлық қарсы қызмет телеграм каналында.
Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін "К" деген азаматтан алдау арқылы ақша мен мүлік алды деген күдікке ілінген.
Сол күні Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы полиция департаменті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді.