Саясат

Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барады

Күн тәртібіне бірқатар мәселе енгізілген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 26 мамырда Қырғызстанға ресми сапармен барады.
Ел президентінің ресми сайты атап өткендей, Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстанға сапармен келуге шақырған.
Бішкекте екі мемлекет басшысының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланған. Келіссөздің күн тәртібіне саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға баса назар аударылады.
Қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігін дамыту жайы қарастырылады.
Келесі күні, 27 мамырда Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция байланысы режимінде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.
Тоқаев 69 жасқа толды