НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов жазғы еңбек демалысына шықпайды.
Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігінің ресми сауалына берген жауабында еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес қызметкерлерге ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы – негізгі ақы төленетін еңбек демалысы да, қосымша ақы төленетін еңбек демалысы да берілетінін хабарлады.
"Қазіргі уақытта премьер-министр мен оның орынбасарлары еңбек демалысына шығуды жоспарлап отырған жоқ, өйткені мемлекет басшысы үкіметтің алдына белгіленген мерзімде шұғыл және сапалы орындауды талап ететін бірқатар стратегиялық міндет қойды", - деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Әлихан Смайыловтың бес орынбасары бар – Роман Скляр (премьер-министрдің бірінші орынбасары), Ералы Тоғжанов, Мұхтар Тілеуберді, Бақыт Сұлтанов және Ерұлан Жамаубаев.
Әлихан Смайылов 11 қаңтарда Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі қызметін атқарды.