Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Ораз Жандосовтың цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі болып тағайындалғаны туралы ведомство басшысы Бағдат Мусин әлеуметтік желіде хабарлады.
Мусин танымал экономистпен Қазпоштада жұмыс істеп жүргенде танысқанын айтты – сол кезде тәуелсіз директор Ораз Жандосов пен директорлар кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған.
"Сонда құрылған корпоративтік басқарудың сауатты жүйесін осында, яғни цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде енгізгім келеді. Сондықтан экономика саласының майталманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым", - деп жазды Мусин.
Министрдің айтуынша, қазіргі заманда цифрландыру барлық саланы қамтыған. Әр саланы саралап, бұл бағыт бойынша қанша дерек цифрлық нұсқада жинақталатынын және қаншасын жүйелеу қажеттігін айқындау керек. Бұл – data driven government-ке көшу жолындағы негізгі талап.
"Мысалы, геологиядағы ақпараттың цифрлық нұсқасын алайық. Тонналаған қағаз сканерленді, бірақ ондағы мағлұматтарды түсіну қиын, сондықтан осы геологиялық деректерді "сөрелер" бойынша реттейтін тиісті база қажет. Мұндай жұмыс әр сала бойынша атқарылып, жіктеліп, өзекті деректер ұсынатын дұрыс процестер құрылуы керек", - дп атап өтті ол.
Бұл тұрғыда біздің министрлік түрлі экономикалық саладағы қоғам белсенділерімен тығыз жұмыс істеуге дайын.