НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Сот ішкі істер министрлігі Кинология орталығының бастығы А. Болғымбаеваға қатысты үкім шығарды.
Орталықтың бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеді. Болғымбаева лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.
"А.А. Болғымбаева 2021-2022 жылдары өзінің қарамағындағыларға сыйақы ретінде берілген ақшадан жалпы сомасы 1 675 000 теңге көлемінде алым-салық алды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
19 мамырда Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен А.А. Болғымбаева мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 2 жылға бас бостандығынан шектелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.