RT тілшісі Игорь Жданов Украина Қарулы күштерінен босатылған "Азовсталь" жертөлесіне түсіп, онда есірткі мен оны қолдануға қажетті жабдықтар бар екенін көрсетті.
"Көп адам "Азовсталь" жертөлесіндегі жауынгерлер заңмен тыйым салынған есірткі заттарын қолданғанын дәлелдейтін айғақты көрсетуімді сұрады. Олар ноутбук пен телефондарды сындырғанымен, мынандай әшкере дүниелердің өзін жоюға үлгермеген сыңайлы", - деп жазды ресейлік тілші.