Алматыда жүк көлігі мен Hyundai Elantra соқтығысты

Sputnik
АЛМАТЫ, 23 мамыр – Sputnik. Алматыдағы Нұркент шағын ауданында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Howo жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты
Полицияның мәліметінше, Hyundai Elantra Универсиадная көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, жол қиылысындағы "Жол бер" белгісін көрмеген немесе елемеген. Сол мезетте оны Howo жүк көлігі соққан.
Howo жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты
Апат салдарынан Elantra жүргізушісі зардап шекті, ол ауыр жарақат алмаған.