"Шабуыл кезінде мына үйде екі апта бұрын көз жұмған 90 жастағы анасының мәйітін көрші бөлмеде ұстаған ер адам табылды. Қариялар үйлерінен шыға алмай, үйде қалып қойған", - дейді Донецк Халық Республикасы инженер-саперлік взвод командирінің орынбасары.
Орта жастан асқан ер адам Мариупольден кеткісі келмейтінін айтты.
"1968 жылдан бері осы жақта тұрамын. Соғыс басталғанда кете алмадым. Себебі менің анам қайтыс болды. Әпкеммен байланыса алмай отырмын. Соғыс басталған соң, мобильді байланыс үзілді. Бізге сыртқа шығуға рұқсат та бермейді", - дейді Мариуполь тұрғыны.