Спорт

Жәнібек Әлімханұлы британиялық боксшыны екінші раундта нокаутқа жіберді – видео

Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта "уақытша" әлем чемпионы титулын жеңіп алды.
Отандасымыз Лас-Вегас қаласында британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) қолғап түйістірді.
Бірінші раундта Әлімханұлы Дигнумды нокдаунға жіберді. Ал екінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша қазақстандық кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта "уақытша" әлем чемпионы атанды.
Ал Дигнум кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді.