Алматыда автомотоспорт фестивалі өтті – видео

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. GT AUTO FEST фестивалінде жүзден астам түрлі эксклюзивті көлік жұрт назарына ұсынылды, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңбырлы ауа райы алматылықтардың дрифт команданың ең үздік автоспортшылары өнер көрсеткен автошоуды тамашалауына кедергі болмады.
Алматыда ретро көліктер көрсетілді
Диджейлер мен эстрада жұлдыздары да қонақтардың көңілін көтерді. Автошоуда кеңестік ретро көліктер (Москвич, Волга, Жигули) де, BMW, Mersedes секілді батыс автокөліктері де көрсетілді.
Тюнинг әуесқойлары байқауға қатысып, өздерінің эксклюзивті көліктерін таныстыруға мүмкіндік алды. Шоуға барлығы 100-ден астам түрлі көлік қатысты.