Өңірлер

Жезқазған тұрғындары жарық пен сусыз қалды

Шамамен 1 -1,5 сағаттан кейін қалаға электр қуаты мен су қайта беріледі, деп хабарлады әкімдік
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Қала әкімшілігі Жезқазғанда жарық пен судың не себепті өшірілгенін түсіндірді.
"Бүгін, 21 мамырда, 16.25-те Жезқазған қаласында электр тогының қатты соққысы және қысқа тұйықталу нәтижесінде ЖЭО электрмен жабдықтаудан ажыратылды", - делінген хабарламада.
Қала әкімшілігі тиісті қызметтер ақаулықтарды жоюға жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Кейін әкімдік ақаулар жойылғанын хабарлады. Сағат 18.18-де қалаға электр қуаты берілді.