Президент биологиялық қауіпсіздік мәселелері туралы заңға қол қойды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биологиялық қауіпсіздік мәселелері туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.