Экология министрлігі утилизациялық алымға қатысты мәлімдеме жасады

Утилизациялық алымның ставкалары 50%-ке төмендетілді, бұйрық 14 мамырдан бастап күшіне енді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Экология министрлігі утилизациялық алым ставкаларына қатысты толықтырулар енгізді.

"ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі №138 бұйрығына сәйкес утилизациялық алымның ставкалары 50%-ке төмендетілді, осы бұйрық 14 мамырдан бастап күшіне енді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, 14 мамырдан кейін бұрынғы мөлшерлемелер бойынша утилизациялық алымына төлеу жүзеге асырылған жағдайда, “Жасыл даму” АҚ қайта есептеу жүргізеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес артық төленген соманы қайтару жүзеге асырылады.