НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Агенттік басшысы көлеңкелі экономика, қаржы пирамидалары мен елден капиталды жылыстатуға қарсы жұмыстардың нәтижесін баяндап берді.
Элимановтың айтуынша, жыл басынан бері 727 экономикалық құқықбұзушылық анықталып, 67 миллиард теңгенің шығыны өтелді.
Бұдан бөлек, агенттік төрағасы адал бизнеске жасалатын қысымды жою бойынша тапсырманың қалай орындалып жатқанын айтты. Элиманов құқық қорғау органдарының тән теріс тәжірибе – жаппай қылмыстық істерді қозғау тоқтатылды.
"Қазіргі уақытта тіркелетін қылмыстардың саны жыл сайын азайып келе жатқаны байқалады. Тергеу амалдарының мерзімі 3 есе, ақтау белгілері бойынша тоқтатылған істер саны үштен бірге қысқарған. Нәтижесінде мыңдаған азамат пен кәсіпкер қылмыстық қудалауға ұшырамайтын болды", - дейді Элиманов.
Сондай-ақ соттарға жүгінетін адамдардың саны да айтарлықтай азайған. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқықтарын мүлтіксіз қорғау қажет екеніне мән беріп, агенттік басшысына бірқатар тапсырма берді.