Денсаулық

Сарапшылар коронавирус маусымдық инфекцияға айналуы мүмкін екенін айтты

Ресей ғылым академиясының деректеріне қарағанда, былтыр коронавирус ВИЧ-пен ауыратындар арасында өлім-жітімнің өсуіне әсер еткен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Роспотребнадзордың Орталық ғылыми-зерттеу эпидемиология институтының директоры Василий Акимкин коронавирус инфекциясы маусымдық ауруға айналуы мүмкін екенін мәлімдеді.
"Коронавирустың маусымдық разрядқа өтуі әбден мүмкін. Содан кейін біз жыл сайын тұмаудағы сияқты оған вакцина таңдап, салдырамыз", - деді сарапшы "Жұқпалы аурулар – өзекті проблемалар, емдеу және алдын алу" VIII ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция барысында.
Коронавирустың маусымдық инфекцияға өту ықтималдығы жайлы конференцияда басқа да инфекционистер айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Қазіргі таңда бізде отандық ұлттық мәліметтер базасы қалыптасты. Біз оны мақтанышпен айта аламыз. Онда коронавирустың 130 мыңнан астам геномы бар", - деп атап өтті Василий Акимкин.
Бүгінде "омикрон" штамының 45-тен астам мутациясы кездеседі.
"Әлемдік практикада тіркелген барлық генонұсқа Ресей аумағында болды. Алайда олардың тек екеуі – дельта мен омикрон ғана көп таралды",-деді сарапшы.