Қазақстанда ресейлік кәсіпкерлердің клубы ашылды

Ресейлік бизнесмендер клубы кәсіпкерлерге коммуникация алаңы ретінде қызмет көрсететін бейресми ұйым
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстанда ресейлік бизнесмендер клубы ашылды. Оны құру жөніндегі бастаманы Қазақстандағы Ресей сауда өкілді, Нұр-Сұлтандағы орыс үйі мен Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшілігі көтерді.
Клубтың алғашқы кездесуі Нұр-Сұлтанда өтті. Оған Ресейдің Қазақстандағы өкілетті елшісі Алексей Бородавкин мен Қазақстандағы бірқатар ресейлік кәсіпорын басшылары қатысты.
Клубтың президенті болып Алексей Бородавкин тағайындалды.Клуб өз қызметін өз қаражатына жүзеге асырады. Оның қатысушылары ай сайын қорға 20 мың теңге аударады.
Ресейлік бизнесмендер клубы кәсіпкерлерге коммуникация алаңы ретінде қызмет көрсететін бейресми ұйым.
Оның негізгі мақсаты Қазақстандағы ресейлік бизнесмендердің пікір алмасуы. Қиындықтар мен кәсіпкерлік қызметтегі кедергілерді талқылау.
Сондай-ақ, қазақстандық нарыққа келетін ресейлік кәсіпкерлерді анықтап, олардың өз бизнестерін сәтті бастауға қолдау көрсету.