Өңірлер

Мектептен шыққан оқушы құдыққа құлап кетті

Баланың канализацияға қалай құлағаны белгісіз
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Бүгін Атырау қаласында елді дүрліктірген оқиға болды. Мектептен шыққан бала құдыққа түсіп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.
11 жастағы бала Қаныш Сәтпаев атындағы мектепте оқиды. Сағат 12:00-нің кезінде далаға шығып, ашық тұрған құдыққа құлады.

"Баланы шұғыл Атырау облыстық ауруханаға жеткізген. "Травматологтар баланы қарап шықты. Бас сүйегін де ренгенге түсіріп, екі проекциясын көрді. Бала тізесін және самайын соғып алды. Сүйегі сынбаған", - дейді дәрігерлер.

Баланың канализацияға қалай құлағаны белгісіз. Дәрігерлер сыдырып алған жерлерін өңдеп, үйіне жіберді. Тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық бақылауда болады.