Еуразиялық банк жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты

20-мамырдағы жағдай бойынша банк бірінші транш лимитінің аяқталуына байланысты өтінім қабылдауды тоқтатты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Еуразиялық банк жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты.
Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарлама іске қосылған төрт күн ішінде бөлінген мемлекеттік лимит таусылып қалды.
20-мамырдағы жағдай бойынша банк бірінші транш лимитінің аяқталуына байланысты өтінім қабылдауды тоқтатты.
16 мамырдан бері банк 9 мың өтінім қабылдаған. Болашақта мемлекеттен тағы бір транш бөлінеді деп күтілуде. Өтінім қабылдауды қайта іске қосу жөнінде банк сайтында хабарланатын болады.