Экономика

Доллар биржада күрт арзандады

Ұлттық валюта нығайып келеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 425,02 теңгені құрады.
Осылайша шетелдік валюта 6,04 теңгеге арзандады. 19 мамырда доллардың орташа бағамы 431,41 теңге болған еді.
Kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 425-428 теңгеге сатып алып, 430-433 теңгеден сатып жатыр.
Экономика
Қазақстандағы "Альфа-Банктің" атауы ресми түрде өзгерді