НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр - Sputnik. Алматыда Қожамқұлов көшесіндегі алты қабатты "Плаза Алматы" қонақүйінде өрт болды. 57 адам түтін басқан бөлмелерде қалып қойған.
Қоңырау түнгі 23:00 шамасында түсті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті. Қонақүй жертөлесіндегі сауна өртеніп кеткен. Ғимараттың барлық қабатын түтін басты.
"Адамдар қонақүйдің барлық терезесінен көмек сұрады. Өрт сөндірушілер шұғыл түрде құтқару жұмыстарын бастады", - делінген хабарламада.
Адамдар үш өрт сөндіру кезінде қолданылатын және төрт созылмалы баспалдақтың көмегімен эвакуацияланды. 57 адам аман қалды.
Өрт 42 өрт сөндіруші және14 техниканың көмегімен сөндірілді.