Оқиға

Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан бір адам көз жұмды

Оқиға куәгерлері зардап шеккен жүргізуші мен жолаушыларды салоннан шығаруға көмектескен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр - Sputnik. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан бір адам көз жұмды.Төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған
Куәгерлердің айтуынша, Toyota Gracia батысқа қарай бет алған. Есентай моллдың қарсысында жүргізуші тізгінге ие бола алмай, алдымен бордюр, кейін Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Бұдан соң көлік билборд бағанасына соғылды.
Жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды
Оқиға куәгерлері зардап шеккен жүргізуші мен жолаушыларды салоннан шығаруға көмектескен. Жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды, қалғаны ауруханаға жатқызылды.