НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Сенаторлар Жоғарғы сот судьясын қызметінен босату мәселесін қарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Палатаның бүгінгі отырысына президенттің ұсынысы шығарылды.
Мемлекет басшысы Жоғарғы сот судьясы Ерден Рауанұлы Әріповты басқа қызметке тағайындалуына байланысты лауазымынан босатуды ұсынды.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті қарсы болған жоқ. Басқа сенаторлар да қолдады. Барлығы тиісті қаулыны бірауыздан мақұлдады.
Айта кетері, 26 наурызда Ерден Әріпов президент жарлығымен Қарағанды облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.