Тоқаев пен Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты талқылады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлады РФ сыртқы істер министрлігі.
Екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесіп, ҰҚШҰ мерейтойлық саммитінен кейін екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бірқатар мәселесін талқылады.
"Еуразия кеңістіктігіндегі интеграциялық бірлестіктер қызметінің кейбір аспектілері де қозғалды", - делінген СІМ хабарламасында.