Қоғам

Тоқаев Ардагерлер ұйымының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы ұйымды дамыту туралы бірнеше ұсынысқа қолдау білдірді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Ізмұхамбетов Ардагерлер ұйымы жанынан жалпыұлттық референдум өткізуді қолдау жөніндегі штаб құрылғанын айтты.
Штабтың жұмысы екі бағытта жүргізіліп жатыр. Бірінші, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мән-мағынасын түсіндіру. Екінші бағыт референдумға белсенді түрде қатысу мәселесін қамтиды.
Сонымен қатар ертең, 20 мамыр күні өтетін "Ардагерлер ұйымы" республикалық бірлестігінің кезектен тыс съезінің күн тәртібі туралы баяндалды.
Кездесуде президент "Ардагерлер ұйымын" дамыту туралы бірнеше ұсынысқа қолдау білдіріп, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беретінін айтты.