Экономика

Теңге нығайып келеді

Доллар 1,29 теңгеге арзандады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 431,41 теңгені құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бір тәулік ішінде шетелдік валюта 1,29 теңгеге арзандады. 18 мамырда доллардың орташа бағамы 432,7 теңге болған еді.
Kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды 431-432 теңгеге сатып алып, 435-436 теңгеден сатып жатыр.
Ал рубльдің орташа бағамы 6,90 теңге болды.