Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ресей елшісімен кездесті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде вице-министр Ермұхамбет Қоныспаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.
Елші министрдің орынбасарын Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Қазақстан-Ресей одақтастық қатынастары мен интеграциялық байланыстарын, оның ішінде ҰҚШҰ, ЕАЭО және ТМД бойынша ынтымақтастықты дамытудың ауқымды мәселелері қаралды.
Сонымен қатар бейсенбі күні елші өзінің резиденциясында Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Қырғызстандағы Апостолдық нунций Френсис Ассизи Чулликатты қабылдады.
Ресей елшісі Ватиканның жоғары лауазымды өкілімен биыл қыркүйекте Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.