Экономика

Қай елдердің азаматтары Қазақстанда бизнеспен айналыса алады

Шетелдіктер жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін мемлекеттік кіріс органына хабарлама жібереді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь және Армения азаматтары елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жіберу тәртібіне ауыстырылды. Яғни, азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін мемлекеттік кіріс органына жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады.

Жеке кәсіпкер туралы хабарламаны қалай жібереді

Қызметтің басталғаны туралы хабарламаны egov.kz порталы, "e-Salyq business" мобильді қосымшасы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының Қызмет көрсету орталықтарында қағаз түрінде беруге болады.
Тіркеу хабарлама берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы ақпаратты www.kgd.gov.kz порталында "Салық төлеушіні іздеу" батырмасы арқылы электронды сервистерден алуға болады.
"ЕАЭО туралы шартқа сәйкес жеке кәсіпкер ретінде Қазақстан азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрақты тұратын, яғни елде тұруға ықтиярхаты бар РФ, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения бейрезиденттері жұмыс істей алады", - деп мәлімдеді комитеттегілер.