Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек – Тоқаев

Президент түптеп келгенде, келешегіміз экономиканың мықты болуына байланысты екенін атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада отандық кәсіпкерлермен кездесуі барысында мемлекет мүддесі әрқашан жоғары тұруы керектігін мәлімдеді.
"Өткен жолғы басқосуда өзара пікір алмасып, жаңа ұстанымдарды айқындадық. Бірлесе жұмыс істеудің жолдарын нақтыладық. Мен бірқатар тапсырма бердім. Төрт ай деген аса көп уақыт емес. Бірақ осы аралықта ел ішінде және әлемде талай нәрсе өзгерді. Жаңа Қазақстанды құруға кірістік", - деді Тоқаев.
Президент түптеп келгенде, келешегіміз экономиканың мықты болуына байланысты екенін атап өтті.
"Осы орайда, кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек", - деп толықтырды мемлекет басшысы.