НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. "Halyk Bank" жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
19 мамырдан бастап жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша өтінімдерді "Еуразиялық банк", "Банк Центр Кредит" және "Halyk Bank" қабылдап жатыр.
Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы елімізде биылғы жылдың 16 мамырында іске қосылды. Бағдарлама ережесі үкімет қауылысымен 15 сәуірде бекітілді. Бағдарлама операторы – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ. Қаржыландырудың жалпы сомасы – 100 миллиард теңге ("Жасыл Даму" АҚ қаражаты есебінен).
Жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасына қатысу үшін қадамдық іс-әрекеттер:
1.
Тұтынушы дилерлік автоорталыққа хабарласып, отандық автокөлікті таңдайды;2.
Дилерлік автоорталық өкілдері кредит алуға өтінім берушіге міндетті VIN-коды бар әрекет ету мерзімі 5 күнді (банктік) құрайтын төлемақы есебін береді;3.
Тұтынушы төлемақы есебімен бірге банкке өтінім береді;4.
Банк өтінім түскен сәттен бастап тұтынушыны өздерінің электронды кезегіне қояды;5.
Банк тұтынушының төлем қабілеттілігі мен кредит тарихын бағалайды. Оң шешім шыққан жағдайда кредит мақұлданады және әрекет ету мерзімі 5 күнді (банктік) құрайтын кепілдеме хат беріледі;6.
Кепілдеме хатты алғаннан кейін тұтынушы автокөлік дилерлік орталығына көлікті рәсімдеу үшін хабарласады;7.
Егер де тұтынушы кепілдеме хатты алғаннан кейін 10 күн (банктік) ішінде банктік кредитті рәсімдеп үлгермесе кезектен шығарылады.