Танктерді қолдауға арналған "Терминатор" соғыс машиналары әскердің соққы жасау әлеуеті мен шабуылдау әрекетін үдетуге, сондай-ақ Украина Қарулы күштерінің Донбасс пен басқа да бағыттағы қарсы шабуылдарын жаншуға мүмкіндік береді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресей арнайы операция кезінде Украинаны демилитаризациялау және денацификациялауды жылдамдату үшін танктерді қолдауға арналған "Терминатор" соғыс машиналарын (ТҚСМ) қолдана бастады. Лисичанск-Северодонецк агломерациясы ауданында Украина Қарулы күштерінің бөлімшелерімен бетпе-бет келді. "Терминаторлар" қарсыластың позицияларын жылдам анықтап, батыс өндірісіне жататын кешендер бар танкке қарсы техниканың едәуір бөлігін жойды.
Еуропадағы әскери іс-қимылдары театрындағы НАТО-ның жылжымалы зымыран кешендерін қолданумен жүріп жатқан қарқынды соғыс әрекеттері танктерді қолдауға арналған соғыс машиналарын қолдану тактикасы мен алгоритмдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұған дейін ТҚСМ-ды қорғаныс пен шабуылдау, марш және қарулы күзет кезінде танктермен бірлесіп қолдану әдістері пысықталды.
"Терминаторлар" 2018 жылы қарулану қатарына қабылданған. Сириядағы сынақтан сәтті өтіп, 2021 жылы Ресей Федерациясы әскерінің құрамына кірді.
Беларусь Республикасында өткен "Батыс-2021" бірлескен оқу-жаттығуларында танктерді қолдауға арналған соғыс машиналары Батыс әскери округінің 1-ші гвардиялық танк армиясы қатарында, анығырақ айтқанда, жедел мақсатқа арналған "Иноходец" и "Форпост" пилотсыз ұшу аппараттары және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен бірге бірыңғай барлау-соққы жасау аумағында әрекет етті. Бұл аталған машинаның тактикалық буынның бірыңғай басқару жүйесіне интеграцияланғанын аңғартады.
Заманауи соғыс тәжірибесін ескере отырып Т-72 танкінің (алғашқы модификациясы – Т-90) базасында құрылған "Терминатор" – маневрленген, көп мақсатты, қорғаныс деңгейі жоғары, озық басқару жүйесі мен қару-жарағы бар машина.
"Танктерді қолдауға арналған соғыс машиналары Т-72, Т-80, Т-90, Т-14 танктерін қорғауға, яғни жауға тиісті алдыңғы шептегі броньдалған техниканы, төмен ұшатын ұшақтарды, тікұшақтар мен пилотсыз ұшатын аппараттарды, сондай-ақ танкке қарсы құралдар мен әскери топтарды жоюға арналған. "Терминатор" 6 мың метр қашықтықта 30 миллиметрлі зеңбірекпен "Атака" басқарылатын зымыран кешендерімен Украина Қарулы күштерінің броньдалған техникасын қиратуға қауқарлы", - деп жазды Хроленко.
2А42 автоматты зеңбірегі 2,5 мың метрге дейінгі қашықтықтағы әуе нысаналарын, 4 мың метрге дейінгі қашықтықтағы адам күштерін атып құлата алады. Біріктірілген 7,62 миллимтерлі зеңбірек 3,8 мың метр қашықтықта оқ жаудыра алады. Соғыс даласында бір "Терминатор" екі танкіні қорғай алады, ал қала аумағында екі ТҚСМ бір танкке қолдау көрсетеді.
17 мамырда механикаландырылған екі украин батальоны Ресей Қарулы күштерінің Запорожье облысындағы бөлімшелеріне қарсы шабуыл жасауға әрекеттенді. Украина Қарулы күштерінің броньдалған машиналарының алға қарай жылжығанын барлау құралдары анықтады. Әскери құрылымдардың орналасу шебінде пилотсыз ұшатын техника, артиллерия, танктер мен жаяу әскердің соғыс машиналары қарсы шабуыл жасады. Бұл жерде "Терминаторлар" да басымды рөл атқарды.
Танктер ең алдымен жау танкілері мен бекіністеріне қарсы күресуге арналған. "Терминатор" - көп әрекетке қабілетті техника. Нысаналарды іздеу және танудың тиімді құралдары, оқ атуды басқарудың автоматтандырылған жүйесі, ұңғылы және басқарылатын зымыран қаруларының синтезі ұрыс даласында орасан зор басымдықтар береді. Бірегей машина бірнеше көздеуіштерді пайдалана отырып, бір уақытта қарудың барлық түрімен үш топқа дейінгі нысанаға оқ жаудыра алады", - деп жазды ресейлік сарапшы.
Экипаж командирі бағыттауыш көздеуіндегі бейнені жеке дисплейге шығарып, мұнараны кез келген бағытқа бұра алады және қаруды басқара алады. Терминаторда дәлдігі жоғары қарудан және жауды анықтауға арналған жартылай белсенді лазерлік жүйелерден қорғайтын аэрозольді экрандау жүйесі бар. Автоматты бақылау жүйесі лазерлік сәулеленуді оптикалық және акустикалық үлгіде анықтауды, аэрозольді экранды жаудың танкіге қарсы оқ-дәрілеріне автоматты түрде бағыттауды және командирдің панорамалық көздеуін лазерлік сәулелену көзіне бұруды қамтамасыз етеді. Қосымша мүмкіндіктер машинаны тактикалық буынның бірыңғай басқару жүйесіне интеграциялауға мүмкіндік береді.
Танктерді қолдауға арналған соғыс машинасы танктер мұнарасының жоқтығымен ерекшеленеді. Экипаж құрамы 3-5 адамнан тұрады. Командир мен бағыттаушы жеке броньдалған бөлікке жайғасады. "Терминаторда" ГЛОНАСС навигациялық жүйесі мен көп қабатты құрама броньдау материалы қолданылған.
Хроленконың ақпаратына сәйкес, "Уралвагонзавод" "Армата" платформасының базасында жобаны дамытуды жалғастырып жатыр. "Терминатордың" "пилотсыз" басқарылатын жасанды интеллекті бар модификациясы әзірленіп жатыр.
Немістердің Stern басылымы "Терминатор" экспорттық бестселлерге айналады деп жазды. Сериялық өндіріс басталған шақтан бері танктерді қолдауға арналған соғыс машинасы шет мемлекетке бір рет қана жеткізілді: Қазақстан 10 машинаға тапсырыс берді. Әйтсе де, "Терминатордың" соғыс әлеуеті жоғары және оның әлемде аналогы жоқ екеніне ешкім таласа алмайды.