Қазақстан темір жолы ғимаратындағы адамдар эвакуацияланды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Қазақстан темір жолы" компаниясының ғимаратындағы адамдар мина қойылғаны туралы жасырын хабарлама түсуіне байланысты эвакуацияланды. Бұл туралы ҚТЖ-ның БАҚ-пен жұмыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы хабарлады.
Жасырын хабарламаға байланысты ҚТЖ ғимаратынан қызметкерлер эвакуацияланды
Оның айтуынша, ғимаратқа мина қойылғаны туралы жасырын хабарлама түскен.
"Бұл туралы құзырлы органдарға хабарланды. ҚТЖ қызметкерлері тез арада ғимараттан эвакуацияланды. Қосымша ақпарат алу үшін құзырлы органдарға хабарласуларыңызды сұраймыз", - деп жазды Жұмабайұлы.