Өңірлер

Алматыда мамырдың соңына дейін 60 фонтан іске қосылады

Қалада барлығы 128 субұрқақ бар
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 мамыр — Sputnik. 25 мамырға дейін Алматыда 60 коммуналдық субұрқақ іске қосылады. Бүгінде олардың 16-сы істеп тұр, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматыда барлығы 128 субұрқақ бар, 63-і қала меншігінде, 65-і жеке меншік. Субұрқақтар сағат 9.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Жөндеу жұмыстары, санитарлық тазалау үнемі жүргізіліп отырады.
Сондай-ақ, әр субұрқақта шомылуға тыйым салынғаны туралы адамдарды ескертетін тақтайшалар бар. Ішінде электр жабдығы, су астындағы жарықтандыру құралдары, суасты сорғылары бар.
Еске сала кетсек, былтыр маусымда Алматыда цирк жанындағы фонтанда әйел мен екі баланы тоқ соқты. Сол кезде алматылықтар субұрқақтың жанында ток соғу қаупі туралы ешқандай ескерту таппағанына наразы болды. Ал осы субұрқаққа жауапты компания оқиға болған күні субұрқақ штаттық режимде жұмыс істегенін хабарлады.
Өңірлер
Алматыда салмағы алты келіден асатын сәби дүниеге келді