Оқиға

Алматыдағы "Атакентте" павильон өртеніп жатыр – видео

Алдын ала мәліметке сәйкес, ғимаратта адам болмаған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Алматы қаласында "Атакент" көрме кешеніндегі павильондардың бірі өртеніп жатыр.
"Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер №9 павильонның лапылдап жанып жатқанын анықтады. Өрттің таралу қаупі жоқ", - деп мәлімдеді қалалық ТЖ департаменті.
Әкімшіліктің ақпаратынша, ғимарат реконструкциядан өтіп жатыр. Бұған дейін павильонда "Дельфин" бассейні орналасқан, деп нақтылады ТЖД.
Алдын ала мәлімет бойынша ғимаратта адам болмаған.