НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. "Turkistan Invest" инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі" ЖШС басқарма төрағасының орынбасарына үкім шығарылды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиымл агенттігінің баспасөз қызметі.
"Түркістан қалалық сотының үкімімен "Turkistan Invest" инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары А. Ержанов 3 жыл 6 айға сотталды. Ол жазасын орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде жазасын өтейді", - делінген хабарламада.
Ол "Композит Групп Казахстан" ЖШС басшылары С. Конусов пен А. Гомаюмовты алдау жолымен 2 млн теңге иемденгені және Түркістан облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына тракторларды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алулар конкурсының жеңімпазы деп танығаны үшін пара беруге айдап салғаны үшін кінәлі деп танылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.