Экономика

Тоқаев үкіметке Ресеймен шешілмеген мәселелерді реттеуді тапсырды

Президент екіжақты ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін Қазақстан заңнамасына сәйкес және геоэкономикалық жағдайларды ескере отырып реттеуді тапсырды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшылығымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Жиынға премьер-министр Әлихан Смайылов, президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, үкімет мүшелері және "Самұрық-Қазына" АҚ басшылығы қатысты.
Кеңес барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың, шекара маңындағы өңірлер ықпалдастығының кешенді мәселелері қарастырылды.
Мемлекет басшысы жиын соңында бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, Қазақстан заңнамасына сәйкес және геоэкономикалық жағдайларды ескере отырып, үкімет басшылығына екіжақты ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін реттеу міндеті жүктелді.
Айта кетері, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы 69 жасқа толды.
Тоқаев 69 жасқа толды