НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Ташкент метросында ер адам пойыздың астына түсіп, өліп кете жаздады. Куәгерлер пойыз жүрмей тұрып, оны шығарып үлгерді, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.
Оқиға "Олмазор" станциясында болған. Асыққан ер адам рельстегі шұңқырға құлап кетіп, жолаушылар, метрополитен қызметкерлері мен жүргізуші шұғыл әрекет етіп, ер адамды құтқарып қалды.
Зардап шегуші жарақат алған жоқ, деп хабарлады Ташкент метрополитенінің баспасөз қызметі.