Референдум-2022: Нұр-Сұлтанда қажетті мәліметті онлайн режимде алуға болады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Елорда тұрғындары 5 маусымда республикалық референдумда дауыс беретін сайлау учаскелері туралы мәліметті онлайн режимінде ала алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Дауыс беру учаскесі туралы мәліметтерді онлайн режимде бірнеше жолмен алуға болады. Олар:
Ресми веб-сервис: https://referendum.astana.kz/
Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/ns_referendum_bot
"Қалалық қызметтер" бөліміндегі "SmartAstana" мобильді қосымшасы:
Android –https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.citysoft.smartastana&hl=ru
iOS – https://apps.apple.com/kz/app/smart-astana/id1080928295
IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны.
"Азаматты белгілі бір дауыс беру учаскесінде референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша осы учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болатындығын атап өткен жөн", - дейді әкімдік мамандары.
Ал мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz порталына жүгіну қажет. Сайтта "Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару" бөліміне өту керек, я болмса, халыққа қызмет көрсету орталығына баруға болады.