Фото

Көне технология бойынша баскиім жасайтын шебердің туындылары – фото

Ресейдің кейбір аймақтарына тән жаңа дәстүрлі баскиімді дайындау үшін қолөнерші Алена Павлова алдымен толыққанды этнографиялық зерттеу жүргізеді
Sputnik
Шебердің айтуынша, оның зығыр немесе мақта жіппен сәнді үлгіде бұйымды інжу-маржанмен кестелеуді қарастыратын көне техникадағы ең алғашқы жұмысы бойжеткенге арналған мерекелік таңғыш болды. Бұл тұрмысқа шықпаған қызға арналған алғашқы баскиімі болған.
Үйлену тойы кезінде мұндай таңғыштың үстінен арнайы дайындалған сәнді баскиім кигізеді де, кейін тұрмысқа шыққан әйелдің басына "кокошник, кика, кичка, повойник, самшура" деп аталатын баскиім кигізіледі.
Шебер қолынан шыққан әрбір сәндік баскиім ерекше. Олардың әрқайсысын дайындауға Ресейдің шет аймақтарындағы өлкетану музейлеріне қойылған үлгілер шабыт берген.
Қолөнер шебері көне әдіс пен заманауи материалдарды үйлестіру арқылы этностильді дамытуды өзінің парызы деп санайды.
Оның пікірінше, басқа киюге және мойынға тағуға арналған бұйымдарды сән әлеміне шығаруға болады.
1 / 14

Солдан оңға қарай: Түмендегі Алена Павлоаваның шеберханасындағы Пермь губерниясындағы қыз-келіншектер басына тағатын таңғыштың көшірмесі (ХІХ ғ.), ХІХ ғасырдағы Вологда той тәжінің көшірмесі, Орталық Ресейдегі (ХІХ ғ.) қыз-келіншектерге арналған таңғыш көшірмесі

2 / 14

Шебер Алена Павлова Түмендегі өз шеберханасында Вологдада үйленуі тойы кезінде тағылатын тәжді көрсетіп тұр

3 / 14

Шебер мойынға арналған сәндік бұйымның сызбасы мен макетін дайындап жатыр

4 / 14

Түмендегі шебер Алена Павлованың коллекциясындағы ХІХ ғасырға жататын Архангельск губерниясындағы тәж көшірмесі

5 / 14

XVIII ғасырдың аяғына жататын мойынға арналған алқаны дайындауға материалдарды іріктеу сәті

6 / 14

Алена Павлова шеберханасындағы ХХ ғасырдағы Тюмень облысының оңтүстігіне тән той кезінде киетін винтажды тәж

7 / 14

Шебер Алена Павлова Түмендегі үй шеберханасында ХІХ ғасырға жататын Архангельск губерниясындағы тәж көшірмесін таныстырып тұр

8 / 14

Алена Түмендегі шеберхана топтамасындағы қыз-келіншектерге арналған антикварлық бас киімдерді таныстырып тұр

9 / 14

Қолөнер шеберінің жұмыс үстелінде жатқан ХІХ ғасырға жататын Архангельск губерниясындағы тәж көшірмесі

10 / 14

Шеберханадағы ХІХ ғасырға тән Вологдадағы той кезінде қалыңдық киетін тәж көшірмесі

11 / 14

Шебер Алёна Павлова Түмендегі шеберханада кезекті сәндік бұйымды әзірлеп жатыр

12 / 14

Шебер қызу жұмыс істеп жатқан сәт

13 / 14

Алена Павлованың қолынан шыққан ХІХ ғасырға жататын Архангельск губерниясындағы тәж көшірмесі

14 / 14

Үй шеберханасындағы Пермь губерниясындағы (ХІХ ғ.) қыз-келіншектер таққан таңғыш көшірмесі