Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңында жұмысшы көз жұмды

Қазіргі күні қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін жұмыс тобы құрылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Елордада құрылыс алаңында жұмысшы көз жұмды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оның үстіне мұнара краннының ілмегі құлап кеткен.

"15 мамырда сағат 03:34 шамасында Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұран көшесі 50 мекенжайындағы "Тұран-1" көппәтерлі тұрғын үй кешені құрылыс аумағында (мердігер "EMPAIRE" ЖШС) жұмысшы көз жұмды, оның үстіне мұнара краны тростының үзілуі салдарынан металл ілмек құлап түсті", - делінген хабарламада.

Қазіргі күні қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін жұмыс тобы құрылды.