Оқиға

Текеліде сел кезінде жоғалған бес жасар қыз табылмай жатыр

Қалада өңір әкімінің бірінші орынбасарының жетекшілік етуімен жедел штаб құрылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Текеліде лайлы селдің тұрғын үйлерге қарай ағуы кезінде жоғалып кеткен баланы іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
Топырақтың шамадан тыс ылғалдануы салдарынан 15 мамырда сағат 12:00 шамасында Текеліде Қонаев көшесінде тау сілемдерінің табанында орналасқан тұрғын үйлерге лайлы су жетті.
5 жер үй селді судың жолында қалып қойды, оның біреуін батпақты сел толық шайып өтті. Сел жүруі кезінде 5 жасар қыз жоғалып кетті. Баланы іздеу жұмыстарына 200-ден астам адам тартылды. Олардың қатарында құтқарушылар, полиция, әкімдік қызметкерлері, волонтерлер және жанашыр адамдар бар.
"Іздеу топтары құрылып, бірнеше аумаққа бөлінді. Іздеу жұмыстарына иттер мен кинологиялық қызмет жұмысшылары жұмылдырылды", - деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.
Текелідегі сел
Қалада өңір әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашевтің жетекшілік етуімен жедел штаб құрылды.