НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Текелі қаласында селден кейін жоғалып кеткен қыздың денесі үй қирандысы астынан табылды, деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
"15 мамыр күні сағат 18.15-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің "Багира" деген қызметтік иті үй үйінділерінің астынан 2016 жылы туған қыздың денесін тапты", - делінген хабарламада.
Топырақтың шамадан тыс ылғалдануы салдарынан 15 мамырда сағат 12:00 шамасында Қонаев көшесінде тау сілемдерінің табанында орналасқан тұрғын үйлерге лайлы су жеткен болатын.
5 жер үй селді судың жолында қалып қойды, оның біреуін батпақты сел толық шайып өтті. Сел жүруі кезінде 5 жасар қыз жоғалып кетті. Баланы іздеу жұмыстарына 200-ден астам адам тартылған еді. Олардың қатарында құтқарушылар, полиция, әкімдік қызметкерлері, волонтерлер және жанашыр адамдар болды.