Өңірлер

Дүйсенбіде ауа райы қандай болады

Еліміздің оңтүстігінде және орталығына ғана антициклон жауын-шашын әкелмейді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Дүйсенбіде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, деп болжайды Қазгидромет мамандары.
Еліміздің оңтүстігінде және орталығына ғана антициклон жауын-шашын әкелмейді.
Синоптиктердің болжамынша, жел күшейіп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – дауыл, бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, солтүстік-батыста, шығыста – тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Синоптиктер дүйсенбі күні елордада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр. Жел жылдамдығы секундына 6-12 метр. Ауа температурасы түнде плюс 15, күндіз плюс 26 градус.
Алматыда 16 мамырда күннің бірінші жартысында күн ашық, кешке қарай көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Термометр бағаны түнде 13, күндіз 22 градус плюс көрсетеді.
Шымкентте аптаның бірінші күні күн ашық және желсіз болады. Түнде ауа температурасы 14, күндіз 26 градусқа дейін көтеріледі.