Чехияда әлемдегі ең биік жаяу жүргіншілер көпірі ашылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Чехияда әлемдегі ең биік жаяу жүргіншілер көпірі ашылды. Көпір Sky Bridge 721 деп аталады, оның ұзындығы – 721 метр, биіктігі – 95 метр. Ені бар болғаны – 1,2 метр.
Көпір орман өскен аңғарда екі тау жотасының арасына салынған.
"Көпірден өту үшін батылдық қажет, бірақ ешқашан ұмытылмайтын бірегей тәжірибе жинақтауыңызға кепілдік береміз", - деп атап өтті жоба авторлары.