Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы азаматтарға үндеу жасады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы қандай да бір консулдық мәселелерін шешкісі келетін азаматтарға үндеу жасады.
"Бас консулдыққа келетіндерге дипломатиялық өклдікке жақын маңнан кеңсе жалдаған кейбір құрылым өкілдері консулдық мәселелерін шешуде ақылы делдалдық қызметтер ұсынып жатыр. Олар ұсынған ақпарат дұрыс емес, құжаттар қате толтырылуда", - деп жазылған мәлімдемеде.
Бас консулдықта атап өткендей, дипломатиялық мекеменің аталған құрылымдарға ешқандай қатысы жоқ.
"Консулдық мәселелері бойынша қажетті ақпарат maata.mid.ru сайтында және @gcrfa телеграм-арнасында жарияланған", - деп хабарлады Бас консулдық.