Аңдатпа

Қазақстанда 15 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 15 мамырда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Sputnik

15-16 мамырға жоспарланған шаралар

11:00 - Түркияның белгілі хирургі, профессор Бурак Тандер балалар стационарына барады және балаларға операция жасау бойынша 5 мастер-класс, 20 консультация өткізеді. Хирург қазақстандық дәрігерлермен бірге асқазан-ішек жолдарына, тоқ ішек патологиясына, өкпеге операция жасайды. БАҚ өкілдері операцияға қатыса алады. Адрес: "Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпсалалы балалар ауруханасы", Кошкарбаев, 64.Байланыс телефондары: +77784697718, otdel.ims@mail.ru

21 мамырға жоспарланған шаралар

09.00 - Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта қалқанша безінің ауруларын ерте кезден анықтауға арналған ашық есік күні өтеді. Шара сағат 09.00 - 13.00-ге дейін Керей, Жәнібек хандар, 3 мекенжайында өтеді. Алдын ала жазылу телефондары: 8 (7172) 702-901, 702- 900.