НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Сенбі күні Қазақстанның Ақтөбеде зейнет жасын төмендетуге арналған митинг өтті.
Диапазон газетінің хабарлауынша Ақтөбеде мәдениет үйінің алдына ондаған әйел жиналып, зейнет жасын 58-ге төмендетуі талап етті.
"Біздің жасымызда жұмысқа орналасу оңай емес. Барлығы жастарды алғысы келеді жұмысқа", - дейді наразылық акциясына қатысқан әйелдердің бірі.
Ал Гүлнар есімді әйелдің айтуынша, 63 жасқа көптеген жандар жете бермейді. Зейнетке шықпай көз жұматындар көп.
"Қазір жасым 59-да. Өткен жыл болса бір жылдан кейін зейнетке шығар едім. 15 жылдан бері қан қысымым жоғары. Амалсыз жұмыс істеуге мәжбүрмін, -дейді ол.