НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Алматы зообағының әкімшілігі бір апта бұрын, 7 мамырда болған оқиға туралы хабарлады.
"Екі жас жігіт ескерту тақтайшасы мен қоршауға қарамастан, техникалық аумаққа кіріп, біздің жолбарысты ызаландыра бастады! Мұнымен қоймай, хайуанаттар бағына келген адамдарға тіл тигізді", - делінген зообақ хабарламасында.
Зообақ басшылығы түсіндіргендей, хайуанаттар бағының аумағы 21 гектардан асатындықтан әр бұрышта күзет тұрмайды. Сол себепті келушілерден тәртіп сақтауді өтінеді. Егер тәртіп бұзғандарды көрсе, зообақтың жақын маңдағы қызметкеріне хабарлауды сұрайды.
"Біздің жануарларға мұндай қарым-қатынас көрсетуге жол беруге болмайды деп санаймыз. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Барлық кінәлі жазасын алады",- деді олар.